«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық
жасақтарының республикалық слеті
2020 жылы 28-29 қыркүйек күндері ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінде «Туған өлкенің тарихы» номинациясы бойынша ІІ орын алған Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің 10 сынып оқушысы Мұратұлы Данияр мен «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациясы бойынша ІІІ орын алған Ақтау қаласы, №3 орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары Нұрлыбаева Нұрай мен Мәди Несібелілерді және облыс намысын қорғаған команданың әр бір мүшесін шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларға сәттілік, жетекші ұстаздарына еңбектеріңіздің жемісін көруді тілейміз!