Skip to content

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слеті 2020…

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық
жасақтарының республикалық слеті
2020 жылы 28-29 қыркүйек күндері ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің бірінші күні онлайн түрде өткізілуде.
Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Облысымыздан қатысатын 8 оқушының төмендегідей 8 номинация бойынша жұмыстары қорғалады: «Бард әндері», «Жас өлкетанушы», «Туған өлке соқпақтары», «Ең керемет туристік өлке», «Экологиялық соқпақ», «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету», «Туған өлкенің тарихы» және «Туризм білімпаздары». Қатысушыларымызға сәтілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *