Skip to content

«Менің жасыл мекенім» атты облыстық акция байқауы Қазақстан Республикасының «Жасыл…

«Менің жасыл мекенім» атты облыстық акция байқауы

Қазақстан Республикасының «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарындағы волонтер оқушыларды анықтау және олардың қызметін үйлестіруге ықпал ету мақсатында 28 сәуір күні «Менің жасыл мекенім» атты облыстық акция байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқауға аудан, қалалардағы білім беру ұйымдарынан 24 оқушы қатысты.
Ережеге сәйкес қатысушылар «Біз тазалықты қолдаймыз», «Экологиялық үгіт-насихат плакаттар», «Экологиялық үгіт-насихат видеороликтер», «Өз ауламның ағаштары» номинациялары бойынша бейнероликтерін жолдап, барлығы 24 жұмыс қаралды.
Қатысушылар үй маңын тазалау жұмыстарын, өсімдіктерді күтіп баптау кезеңдерін және өзі тұратын ауыл, қаласының экологиялық проблемаларының шешілу жолдарын көрсетіп, өз ұсыныстарын білдірді.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
1. “Біз тазалықты қолдаймыз” номинациясы бойынша:
І орын – Сарбопеева Арай, Ақтау қаласы, №7 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;
ІІ орын – Жетеу Алмас, Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын – Аманқос Ақниет, Түпқараған ауданы, Е. Өмірбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Қосшы Диас, Қарақия ауданы, Қарақұдық жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы;
ІV орын – Күшікбаева Әсем, Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІV орын – Салықбаева Гүлнұр, Бейнеу ауданы, Бейнеу жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІV орын – Ажигали Айбар, Жаңаөзен қаласы, №19 жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы.
2. “Экологиялық үгіт-насихат плакаттар” номинациясы бойынша:
І орын – Потапова Алина, Ақтау қаласы, №7 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;
ІІ орын – Алдаберген Аян, Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы;
3. “Экологиялық үгіт-насихат видеороликтер” номинациясы бойынша:
І орын – Атахан Дамира, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын – Абдыхалық Нұрдаулет, Жаңаөзен қаласы, №11 жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы;
жалғасы ⬇️⬇️⬇️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *