Skip to content

«Музей құжаттарын рәсімдеу» облыстық әдістемелік – кеңес Ағымдағы жылдың 12…

«Музей құжаттарын рәсімдеу» облыстық әдістемелік – кеңес
Ағымдағы жылдың 12 маусым күні білім беру ұйымдарындағы музейлердің құжаттарын сараптау мақсатында облыстық әдістемелік – кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау тарихи – өлкетану музейінің ғылыми – әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Н.Дабысова мектеп музейлері портфолиосының жасақталу жолын көрсетіп, теория жүзінде өз іс – тәжірибесімен бөлісті.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи – мәдени қорығының «Экскурсия-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі А.Яриханова тарихи – мәдени қорығына ғылыми – танымдық экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия кезінде музейге қойылған жәдігерлердің орналастырылуы және құрылымдық бағытта атқарылған жұмыстары туралы таныстырып өтті.
Аталған облыстық әдістемелік – кеңесті қорытындылай келе, білім беру ұйымдарының 11 мектеп музейлерінің портфолиосы облыстық білім басқармасына паспорттауға ұсынылады.
@mangystau_qorygy

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *