Skip to content

Музей жетекшілері арасындағы «Мектеп музейіндегі сабақтар» облыстық қашықтық байқауы Орталықтың…

Музей жетекшілері арасындағы «Мектеп музейіндегі сабақтар»
облыстық қашықтық байқауы

Орталықтың 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні қарсаңында оқушылар мен жастардың азаматтық тәрбиесін жетілдіру, мектеп музейінің рөлін арттыру, музей педагогикасы арқылы оқушыларды әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру жолында жаңа тәсілдерді іздеу мақсатында, музей жетекшілері арасында облыстық «Мектеп музейіндегі сабақтар» байқауы ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан өткізілді.
Байқауға жалпы білім беретін ұйымдардың 12 музей жетекшісі қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар «Креативті мектеп музейі» номинациясы бойынша инновациялық технологияларды қолданып, жаңа ракурсты анықтап, жаңа форматта сабақ көрсетсе, «Туған өлкенің кейіпкері» номинациясында туған өлкенің соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, өлкеге танымал тұлғалар туралы мазмұнды және патриоттық өнеге аларлық әңгіме бағытында бейнематериалдарын ұсынды. Барлығы 2 номинация бойынша 20 жұмыс қаралып, зерделенді.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
І орын – Қалабай Қуаныш, Мұнайлы ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебі;
ІІ орын – Жаумытбаева Айкенже, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп – гимназиясы және Бақытқалиева Анжелика, Ақтау қаласы, №11 лицейі;
ІІІ орын – Бесінбаева Жания, Қарақия ауданы, жалпы білім беретін Қарақұдық орта мектебі және Сақтағанова Гүлнар, Түпқараған ауданы, Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі;
IV орын – Исаева Жанар, Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беретін мектебі және Байгельдиева Қарлығаш, Ақтау қаласы, С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің музей жетекшілері.
Жеңімпаздар орталықтың дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *