"Nauryz challenge" облыстық интернет байқауының ережесі, баспасөз-релизі
Баспасөз-релиз
Өтетін уақыты: 2021 жылы 17 наурыз
Байқаудың мақсаты: Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру.
Қатысушылар: жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлері, педагог отбасылар (отбасының бір мүшесі педагог болуы қажет) қатыса алады. Қатысушылар санында шектеу жоқ.
Спикер (қызметі, байланыс телефондары): Темірланова Аяжан Темірланқызы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директорының міндетін атқарушы
Ұйымдастырушылар, байланыс телефондары: Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, туризм-өлкетану бөлімі, 8/7292/60-54-00, ocdt-2017@mail.ru
Сайттарға жариялау:
Білім басқармасының және Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ресми сайттары, facebook және instagram әлеуметтік желілері, youtube каналы.