Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 мамыр күні тарих, география пәні мұғалімдері мен өлкетану үйірмелері жетекшілерінің рухани– мәдени мұраларды сақтау, ел тарихын танып білу және ішкі туризмді дамыту бағытында жүргізіп отырған жұмыстарын насихаттау мақсатында «Үздік ашық сабақ» және «Сарайшық жеріне виртуалды саяхат» сырттай байқаулары өткізілді.
Шара Алтын Орданың 750 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарының тарих, география пәндерінің мұғалімдері мен өлкетану үйірмелерінің жетекшілері қатысты. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты ашық сабақтар презентациясы мен онлайн сабақтардың бейнероликтерін жолдап, барлығы 52 жұмыс қаралды. Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
1. «Үздік ашық сабақ» презентациялары бойынша:
І орын жеңімпазы – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Айманов Бауыржан Сагидуллаұлы; ІІ орын жеңімпаздары – Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жексембаева Турганай мен Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Дүйсалиев Армат;
ІІІ орын жеңімпаздары – Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Артыкбаева Арай, Жаңаөзен қаласы, №22 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Имангалиева Жадыра және Ақтау қаласы, №21 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Балапанова Қалампыр;
ІV орын жеңімпаздары – Маңғыстау ауданы, Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тегисбаева Динара, Ақтау қаласы, №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің тарих пәні мұғалімі Кемал Мейірімгүл және Түпқараған ауданы, С.Шапағатов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Есжанов Исламбек.
2. «Сарайшық жеріне виртуалды саяхат» туристік сабақтар бойынша:
І орын жеңімпазы – Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің география пәні мұғалімі Жолдыбаева Кундыз;
ІІ орын жеңімпаздары – Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің география пәні мұғалімі Юханова Мөлдір және Жаңаөзен қаласы, №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі Токсанова Гүлшара;
