Skip to content

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы…

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 желтақсан күні Ақтау қаласы, Н.Оңдасынов атындағы №5 орта мектебінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында жасөспірімдердің бойына Отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, «Ерліктерің ұрпақ есінде!» облыстық байқауы өткізілді.
Шара байқау ережесіне сәйкес 4 номинация бойынша ұйымдастырылды. «Ешім де ешнәрсе де ұмытылмайды!» номинациясында – Желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы деректер жинақтау, кездесу кеші, Желтоқсан боздақтарына арналған мектеп музейлерінде көрмелер ұйымдастыру, бейнебаяндар түсіру арқылы іздеу-зерттеу жұмыстары қорғалып, «Желтоқсан жырлайды» жас ақындар номинациясымен жалғасын тапты. «Желтоқсан ызғары» атты номинациясында қазақтың жас жігіттері мен қыздарының ар намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш қайнарының тоғысқан шағы бейнероликті сахналық қойылымымен көрсетілді. Шара соңы патриоттық әндер байқауының «Менің Отаным – Қазақстан» номинациясымен өз мәресіне жетті.
Облыстық байқауға аудан/қалалардан 45 оқушы қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *