Облыстық білім басқармасының 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында 2019 жылдың 17 сәуір күні «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы Ақтау қаласы, Маңғыстау туризм колледжінде өткізілді.
Форумға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары 50-ге жуық білім алушылары қатысты.
Облыстық форумның ережесіне сәйкес қатысушылар 5 номинация бойынша: ғылыми жобалар,бейне роликтер,тапсырмаларын орындады. Оқушылардын экологиялық шараларға қатысуға деген ынталарының жоғары екендігі, топтар ішінде өзара ұйымшылдығы көрінді.
