Облыстық білім басқармасының 2020-2021 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдердің туризмін дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 15 қазан күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Біз тазалықты қолдаймыз» облыстық акциясы қашықтықтан өткізілді.
Байқау 3 номинацияны қамтыды: «Біз тазалықты қолдаймыз» номинациясында тал егу, қайырымдылық әрекеттері, волонтерлық жұмыстарын қатысушылар фото-бейне көрініс түрінде көрсетсе, «Табиғатты сақтауға қалай көмектесеміз» бейнероликтер номинациясы бойынша өз ауыл қаласының экологиялық жағдайы туралы 5-7 минуттық бейнематериалдарын дайындады, ал «Қалдықсыз әлем» номинациясында білім алушылар әртүрлі тұрмыстық қалдық заттары мен қайталама шикізаттардан жасалған шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын төмендегідей бағалады:
«Біз тазалықты қолдаймыз» номинациясы бойынша:
I орын – Бекзатилла Аида, Мұнайлы ауданы, № 12 орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
ІI орын – Жәнібекқызы Айжанат, Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
ІI орын – Джамбирова Мадина, Жаңаөзен қаласы, № 7 орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
ІІI орын – Ахметова Арайлым, Ақтау қаласы, IT мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.
«Табиғатты сақтауға қалай көмектесеміз» бейнероликтер номинациясы бойынша:
I орын – Темірова Әсел, Мұнайлы ауданы, Ш. Мұңалұлы атындағы № 5 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын – Лацина Александра, Ақтау қаласы, IT лицейінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Жұмабек Хиуаз, Маңғыстау ауданы, Жармыш орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
III орын – Түгелбай Рузана мен Жалғас Ақкүміс, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 8 сынып оқушылары;
IV орын – Жәрдем Әсем, Ақтау қаласы, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының 8 сынып оқушысы;
