Облыстық «Жасанды жартас – 2022» туристік сайысы
Орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік көпсайысты насихаттау мақсатында, 13 қазан күні «Жасанды жартас – 2022» облыстық туристік сайысы өткізілді.
Сайысқа жалпы білім беру ұйымдарының
20 білім алушысы қатысты.
Ережеге сәйкес қатысушылар «Жылдамдық», «Альпинист», «Траверс» номинациялары бойынша сынға түсті.
Қазылар алқасы қатысушыларды төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
І орын – Ақтау қаласы, Мамандандырылған IT лицейінің «Жас сарбаз» тобы;
ІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебі және №24 мектеп-лицейінің «Жүйріктер» тобы;
ІІ орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің «Жас қыран» тобы;
ІІІ орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Ақшұқыр» тобы;
ІІІ орын – Бейнеу ауданы, Атамекен жалпы білім беретін мектебінің «Хан тәңірі» тобы.
#Балажылы2022
#Туризмөлкетанубағыты