«Өмір сүр – Жер!» экологиялық акциясы
Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениет деңгейін көтеру, қоршаған ортаның экологиялық – әлеуметтік маңыздылығын арттыру, экологиялық таза аумақ қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 11 қазан күні білім басқармасының №144 нқ бұйрығына сәйкес «Өмір сүр – Жер!» экологиялық акциясы қашықтықтан өткізілді. Аудандық, қалалық білім беру ұйымдары ұйымдастырған акцияға 1885 оқушы қамтылған.
«Өмір сүр – Жер!» экологиялық акциясына қатысушылар тарихи-мәдени нысандарда, тұрғылықты мекендерде және мәдени орталық аумақтарында жүргізілген тазалық жұмыстары мен жұмыс барысының жүрісі бейнеленген 5 минуттық бейнематериалдар мен қосымша фотолар ұсынды.
Облыстық кезеңге 191 оқушы қатысып, 9 жұмыс ұсынылды. Түпқараған ауданы, Форт – Шевченко мектеп – интернаты «Захар Дубский» бақшасына және ескерткішіне, теңіз жағалауына; Мұнайлы ауданы, №8 жалпы білім беретін мектебі «Қаракөл» маңына, мектеп ауласына; Қарақия ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебі тарихи – мәдени нысандарға, тұрғылықты мекендерге; Бейнеу ауданы, Атамекен жалпы білім беретін мектебі «Көркембай» мешітіне; Ақтау қаласы, №13 мектеп – гимназиясы «Тамшалы» шатқалына; Жаңаөзен қаласы №18 жалпы білім беретін мектебі «Батыр Бабалар» аллеясына; Маңғыстау ауданы, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернаты «Сәду Нұрниязұлы» ескерткішіне және «Нұрсейіт Бейнеуов» саябағына қоршаған ортаның ластануының алдын алу мақсатында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ұсынды:
I орын – Түпқараған ауданы, Форт – Шевченко мектеп – интернаты;
II орын – Мұнайлы ауданы, №8 жалпы білім беретін мектебі мен Қарақия ауданының, №11 жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Бейнеу ауданы, Атамекен жалпы білім беретін мектебі мен Ақтау қаласының, №13 мектеп – гимназиясы.
#Балажылы2022
#Экологиялықбиологиялықбағыты