Орталық 10-11 маусым күндері "Сұлтан-үпі" шатқалдарымен "Голубая бухта " демалыс орындарында, Ақтау қаласы орта мектептерінің оқушыларымен 2 күндік шатырлы лагерь ұйымдастырды. Орталық мамандары 2күндік туристік шатырлы лагерьдің ашылуын және қатысушыларымыздың қауіпсіздік ережелерімен танысуын,назардан тыс қалдырмады. Оқушылар "Сұлтан-үпі", шатқалдарын аралап, түрлі ойындарға қатысып және "Голубая бухта " теңіз жағалауында кешкі алау жанында бард әндер айтып, шатырларға қонды және маңғаз Маңғыстауымыздың табиғатына қызыға қарап, естелік суреттерге түсті. Шатырлы лагерьге барлығы 40 адам қамтылды, оқушылар ертесіне риза көңілдерімен үйлеріне қайтты.
