Skip to content

Орталық 17-18 маусым күндері аралығында «Саура» демалыс орындарында, Түпқараған және…

Орталық 17-18 маусым күндері аралығында «Саура» демалыс орындарында, Түпқараған және Маңғыстау аудандарының оқушыларына 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды. Мамандарымыз бағдарламаға сайкес, 2күндік туристік шатырлы лагерьдің ашылуын және қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, сондай-ақ «Түскі ас» және «Кешкі ас» дайындауды өткізді.
Оқушыларымыз табиғатты тамашалап, кешкі алау жанында жаңа достармен әндер айтып, «Мина», «Қамал», «Қолменен футбол», «Қызыл мен Көк ту», «Эстафеда» танымдық ойындарына қатысып, теңіз жағасында ұлу қабыршақтарымен естелікке қол таңба қалдырды. Шаттығы мол шатырлы лагерімізге барлығы 60 адам қамтылды. Жас туристеріміз табиғатты аялауды, демалыс орынындағы өмір қауіпсіздігін сақтау және біраз танымдық білім-біліктіліктерін іс-тәжірибиеде арттырғандарын айтып, осындай шаралардың жиі болуын құлаққа-қағыс етіп, жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне қайтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *