Орталық 3 маусым күні Білім басқармасының 2019жылғы 14 наурыздағы №25 нқ бұйырығымен бекітілген балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ақмыш» демалыс орынында, Мұнайлы ауданы орта мектептерінің оқушыларымен 2 күндік шатырлы лагерь ұйымдастырды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған 2 күндік туристік шатырлы лагерьдің ашылуын және қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру өткізілді. Оқушылар «Шерқала», «Ақмыш» шатқалдарын аралап, түрлі ойындарға қатысып және кешкі алау жанында бард әндер айтып, шатырларға қонды.








