Skip to content

Орталық ағымдағы жылдың 13-14 маусым күндері Білім басқармасы мен Табиғи…

Орталық ағымдағы жылдың 13-14 маусым күндері Білім басқармасы мен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бірлескен «Балалар мен жасөспірімдер арасында туристік, өлкетану және экологиялық жұмыстарды жетілдіру туралы» бұйрығына сәйкес, Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығында «Мектептегі туристік-өлкетану бағытындағы жұмыстардың тәжірибесі» тақырыбында 2 күндік жүрмелі семинарын өткізді. Семинардың бағдарламасы бойынша қатысушыларымыз «туристік жұмыстардың теориясы» атты презентацияны, Шүйелі жеріне жаяу жорыққа, туристік қашықтық жұмыстарына (аспалы өткел, параллельді өткел,маятник), далалық экспедициялық жұмыстарға қатысып және кешкі алау барысында бард әндерін орындады.
Ертесіне туристеріміз «Квест»туристік ойындарына қатысып, семинарды қорытындылап, жақсы көңілде елге оралды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *