Орталық ағымдағы жылдың 14 мамыр күні "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, "ҮЗДІК МЕКТЕП МУЗЕЙІ" атты облыстық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: Мектеп музейі педагогикасы құралдары арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде және бірегейлігін қалыптастыру процесінде жаңа тәсілдемелерді іздеу. Байқауға қамтылған қатысушылар саны- 12. Жеңімпаздар білім басқармасының дипломдары және сертификаттарымен марапатталды.
