Skip to content

Орталық ағымдағы жылдың 17 қазан күні облыстық білім басқармасының іс-шаралар…

Орталық ағымдағы жылдың 17 қазан күні облыстық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, сонымен қатар Қазақстанның геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін насихаттау, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында "Жас геолог" облыстық байқауын өткізді. Жүзден жүйрік оза шапқан жас геологтарымыз байқау соңында білім басқармасының диплом дарымен марапатталып, орталық қызметкеркерлеріне деген ыстық лебіздерін айтып тарқасты.
1орын Маңғыстау ауданы "Азимут" тобы
2 орын Мұнайлы ауданы "Жалын" тобы және Түпқараған ауданы " Түпқараған геологтары " тобы
3 орын Жаңаөзен қаласы "Жаңаөзен жас геологтары" тобы және Ақтау қаласы " Ұлу тас " топтарын жеңістерімен құттықтай отырып, жеңісті жемісті күндеріңіз көп болсын дейміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *