Орталық ағымдағы жылдың 18 Қыркүйек күні ел басы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу және балалар мен ата аналар дың өлкетану, туризмге деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында педагог отбасыларының арасында "Әкем, анам және мен-туристік отбасы" атты облыстық байқауын өткізді. Байқау қатысушыларына "Балдәурен" демалыс базасында тапсырмалар мен спорттық жарыстар өткізілді. Бұл дүбірлі додада сыннан өтпей сүрінгендерде, оза шауып бәйге алғандарда бар, аудан/қаладан 35 адам қамтылды. Педагог отбасыларымыз алғыс айтылып, силықтар мен марапаттау грамота лары табыс етілді.
