Skip to content

Орталық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасында діни экстремизм…

Орталық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, өзге діни ағымдарға түспеудің алдын алу және қоғамдағы жат әрекеттерден сақтану мақсатында, ағымдағы жылдың 30-31 қазан күндері «Сұлтан-Үпі», «Шақпақ-Ата», «С.Қондыбай мемориалдық музейі», «Ақмыш», «Шерқала» сынды тарихи-мәдени орындарына саяхат ұйымдастырды.
Саяхатқа Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының білім беру ұйымдарынан 85 оқушы қатысты.
Саяхат гидтері жол бойында оқушыларға өңіріміздің тарихи-мәдени орындары жайлы ақпараттарымен бөлісті. «С.Қондыбай мемориалдық музейіне» барып, музей экскурсоводы музей ішін толықтай көрсетіп, С.Қондыбай өмірбаянымен және жер асты бейнесіндегі бөлімдерімен, түрлі аңыз әңгімелермен таныстырды. «Сұлтан-Үпі», «Шақпақ Ата» жер асты мешіттерінде оқушылар мешіт тарихы мен оған байланысты аңыз әңгімелермен танысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. «Ақмыш» демалыс орнынында серуендеп, «Шерқала» тауының тамаша табиғаты және пайда болу тарихы жайлы ақпарат алды. Саяхат соңында оқушыларға жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, өзге діни ағымдарға түспеудің алдын алу және қоғамдағы жат әрекеттерден сақтану туралы түсіндерме жұмыстары жүргізіліп, таратпа материалдар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *