Skip to content

Орталық жарғысына сәйкес білім алушылар мен педагогтердің салауатты өмір салтын…

Орталық жарғысына сәйкес білім алушылар мен педагогтердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, демалыстарын мазмұнды ұйымдастыру, жастардың тұлғалық дамуына қажетті жағдай жасау, қоғамдық өмірге бейімдеу және туристік, экологиялық білім – танымдарын кеңейту мақсатында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы республикалық, облыстық бағдарламалар мен хаттар, бұйрықтарды негізге ала отырып, білім басқармасының 2023 жылға бекіткен іс-қимыл жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізді:
Білім беру ұйымдары педагогтері арасында «Белсенді туристік саяхат түрлерін тиімді ұйымдастыру»; «Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері»; «Экологиялық сауаттылықты дамыту» тақырыптарында семинар, әдістемелік көмек күндерін; «Белсенді туризм түрлері» шеберлік сыныбын; «Еуропа – Азия» туристік фестивалін, «Climbing» туристік сайысын, «Туризм – салауатты өмір салты» педагогтер отбасылық жарысын; «Үздік бағдарлама – 2023», «Үздік экскурсовод»; «Маңғыстаунама-2023» танымдық байқауларын (Қатысушылар-291, оның ішінде қаладан-84);
Білім беру ұйымдарының «Үздік мектеп музейі»; «Үздік жылыжай – 2023»;  «Білім беру ұйымдарындағы туризм-өлкетану, экология бағытындағы жұмыстарды зерделеу»; «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауларын, (Білім беру ұйымы-95, оның ішінде қаладан-23);
Білім алушылармен республикалық төрт шара: «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слетін; «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумын; «Көміртек ізін өлшеңіз» экологиялық білім беру жобасының «Жер – біздің ортақ үйіміз!»; «VIII республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарын; облыстық он шара «Экология – ел тағдыры» дебатын; «Жас турист – 2023» студент жастардың туристік слетін; «Экоэрудит» байқауын; «Ғажайып табиғат – тылсым дүние» фотосуреттер мен қолөнер көрмесі байқауын; «Мен және су» экологиялық шығармашылық жұмыстар байқауын; «Әлем глобусы» экологиялық – зияткерлік байқауын; «Экоәлем» екінші олимпиадасын; “Шатырлы  лагерь – 2023”; Алматы және Астана қалаларына 3 күндік танымдық экскурсиясын ұйымдастырды. (Қатысушылар-854, оның ішінде қаладан-222).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *