Өтетін уақыты мен орны: Облыстық дебат 2025 жылдың 20 қараша күні өткізіледі. Өтетін орны:Ақтау қаласы, «Shamshyraq high school» мектебі.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің экологиялық мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, экологиялық білім беруді насихаттау және қолдау, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Қатысушылар: Дебатқа облыстың жалпы білім беру ұйымдарының аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары 9-11 сыныптардан (аталған сыныптардан 2 оқушыдан) қатысады.
СПИКЕР (қызметі, байланыс телефондары): Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының экологиялық-биологиялық бөлімінің әдіскері Нұрболатұлы Думан 8 (778) 414 6467
Ұйымдастырушылар, байланыс телефондары: Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, экологиялық-биологиялық бөлімі, байланыс телефоны: 8/747/592-41-07 ocdt-2017@mail.ru
Сайттарға жариялау: Білім басқармасының және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ресми сайттары, facebook және instagram әлеуметтік желілері, youtube каналы.
