Педагог отбасылар арасындағы «Туризм – салауатты өмір салты»
облыстық қашықтық жарысы
Орталықтың 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 06 қазан күні балалар мен ата-аналарды қоршаған ортамен жақындастыру, туристтік техника негіздерін үйрету, отбасылық өзара тәжірибе алмасу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында педагог отбасылар арасында облыстық «Туризм – салауатты өмір салты» жарысы қашықтықтан өткізілді.
Жарысқа жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагог ата-аналарынан құралған 5 топ қатысты.
Жарыс ережесіне сәйкес қатысушылар «Таныстыру», «Бард әндері» конкурсы, «Туристік маршрут», «Менің отбасым болған жерлер» номинациялары бойынша бейнероликтерін жолдап, барлығы 18 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
І орын – Ақтау қаласы, №13 мектеп-гимназиясының «Атамекен» тобы, Бижановтар әулеті;
ІІ орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу мектеп-интернатының «Салауат» тобы, Оразалиевтер әулеті;
ІІІ орын – Маңғыстау ауданы, Б.Жұмалиев атындағы орта мектебінің «Темірқазық» тобы, Елдесовтар әулеті және С.Жаңғабылов атындағы орта мектебінің «Нарбиік» тобы, Қуандықовтар әулеті;
ІV орын – Жаңаөзен қаласы, №9 орта мектебінің «Тұлпар» тобы, Утепбергеновтер әулеті.