Skip to content

Педагог отбасылары арасындағы «Туризм-салауатты өмір салты-2025» облыстық жарысының ақпараты

Педагог отбасылары арасындағы «Туризм-салауатты өмір салты-2025» облыстық жарысының ақпараты

Халықаралық туризм күніне орай, ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні Ақтау қаласы, Маңғыстау туризм колледжінде ата-аналар мен балаларды туризм саласы арқылы қоршаған ортамен байланыстыру, салауатты өмір салты ұғымдарын, дағдыларын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру және интеллектуалдық спорттық қабілеттерін дамыту мақсатында «Туризм-салауатты өмір салты-2025» облыстық жарысы өткізілді.

Жарысқа аудан, қала бойынша білім беру ұйымдарынан 4 отбасылық топтан 12 қатысушы қатысты.

Жарыс ережесіне сәйкес, қатысушылар «Таныстыру», «Өнерлі отбасы», «Біз туристік отбасы», «Туристік кедергілер жолағы», «Лабиринт» кезеңдерінен сайысқа түсті.

Қазылар алқасының шешімімен:
I орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Отырар» отбасылық тобына;
II орын – Түпқараған ауданы, С.Шапағатов атындағы мектеп-гимназиясының «Эко Ұя» отбасылық тобына;
III орын – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебінің «Жасыл болашақ» отбасылық тобына;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің «Эверест» отбасылық тобына берілді.

Жеңімпаздар орталықтың дипломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *