Педагогтер арасындағы «West Tourism» облыстық туристік жарысы
Ағымдағы жылдың 14 – 15 мамыр күндері аралығында педагогтер арасында дене шынықтыру мен туризмге деген қызығушылықты арттыру, туристік спорт түрлерін қолданып, командалық жұмыс дағдыларын дамыту, ұжымдық рухты нығайту және педагогтердің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында, «West Tourism» облыстық туристік жарысы Түпқараған ауданы, Таушық ауылдық саябағында өткізілді.
Жарысқа жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 12 топтан 72 педагог қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен:
I орын – Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің «Отпан» тобы;
II орын – Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы, Н. Жұбаев, Б. Жұмалиев, Жармыш білім беретін мектептерінің «Отпан» тобы;
II орын – Ақтау қаласы, Р. Қабылов атындағы жалпы білім беретін мектебі, №3 жалпы білім беретін мектебі, №12 жалпы білім беретін мектебі, №24 жалпы білім беретін мектебі, №13 мектеп – гиназиясы, Т. Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының «Каспий» тобы;
III орын – Түпқараған ауданы, Шахта жалпы білім беретін мектебінің «Шахта» тобы;
III орын – Түпқараған ауданы, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейінің «Көкбөрі тобы;
III орын – Түпқараған ауданы, Түпқараған гумнитарлық кәсіптік колледжінің «Түпқараған» тобы;
Жеңімпаздар Орталықтың алғыс хаттарымен және сертификаттарымен марапатталды.
