«Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде ұйымдастырылған
«Summer Camp-2022» лагері
Білім басқармасының 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Балалар жылы» аясында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету және туризм-өлкетану, экология бағытында өткізілген облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегерлерін ынталандыру мақсатында, 06-09 тамыз аралығында «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде 3 күндік «Summer Camp-2022» лагері ұйымдастырылды.
Лагерьге 12-15 жас аралығындағы 70 оқушы қамтылды.
Қатысушылар «Tetysblu» тақырыптық паркінде орналасқан аттракциондарда ойнап, «Аквапаркте» және толқынды бассейндерде шомылып, «Алматы» залында кино тамашалады. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына, белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында спорттық және интеллектуалдық ойындары, би кештері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Туризм әліпбиі» шеберлік сыныбында картамен жұмыс жасау, кедергілерден өту, шатыр орнату, түйін байлау, топта жұмыс істей алу сынды біліктілік дағдыларын игерді.
Лагерь аясында өткізілген әртүрлі спорттық ойындар нәтижесіне орай, балалар білім басқармасының дипломдарымен, медальдарымен, кубоктарымен және «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі әкімшілігінің қолдауымен «Tetysblu» тақырыптық паркіне баруға арналған бір реттік сертификаттарымен марапатталды. Демалушылар ұйымдастырылған шараны жоғары деңгейде бағалап, алған әсерлері туралы пікірлерімен бөлісіп, керемет көңіл-күйде оралды.
#Балажылы2022
#жаздыңбіркүні
#Туризмөлкетанубөлімі
#лагерь