Skip to content

Шілде айының 12-14 күндері аралығында Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылының «Самал»…

Шілде айының 12-14 күндері аралығында Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылының «Самал» демалыс базасында 3 күндік туристік-шатырлы лагерьдің екінші ауысымы өткізілді. Шатырлы лагерьге Маңғыстау ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларының 60 оқушысы қамтылды.
Лагерьге еріктілер ретінде өз үлестерін қосуға Батыс Қазақстан «Табиғи орта» өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы Қозыбақов Әділбек Мұстажебұлы мен Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Жақсылықова Бақытгүл Өмірханқызы атсалысып, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүру мақсатында лагерьдің алғашқы күнінде «Өрмекшінің торы», «Су білгірі» ойындарын ойнатса, пайдаланылған тұрмыстық қалдық заттарына екінші өмір сыйлау мақсатында – «Құстарға ұя» жасауды ұйымдастырды. Балалар спорттық эстафеталық және квест ойындарына белсене қатысып, кешкісін алау жанында күй тартып, гитарамен ән айтты.
Демалушылар үш күн ішінде ауа-райының қолайсыздығына, далалық жағдайға бейімделуге, судың тапшылығына шыдай білуге, жағдаяттан шығуға үйренді. Оқушылар Шерқала тауы мен Ақмыш паркіне саяхаттап, Ақтау қаласындағы «Бәйтерек» 3Д кинотеатрында, Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық музейінде болып, теңізде яхтамен серуендеді.

#Балажылы2022
#жаздыңбіркүні
#Туризмөлкетанубөлімі
#шатырлылагерь

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *