«ТАБИҒАТПЕН ҮНДЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ»
ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Ағымдағы жылдың 11-17 қараша күндері аралығында Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында экологиялық білім беруді жетілдіру, пәнаралық байланыстар арқылы экологиялық мәселелерді оқу процесіне енгізу, экологиялық тәрбие беру жұмыстарын дамыту, оқу кабинеттері мен мектеп дәліздерін, мектеп алаңдарын көгалдандыру және экологиялық білім беруді насихаттаудың белсенділігін арттыру мақсатында «Табиғатпен үндес білім беру ұйымы» облыстық байқауы жүрмелі түрде өткізілді.
Байқау балабақша және мектеп арасында ұйымдастырылып, қатысушы ұйымдардың экологиялық мәдениеті, оқу-тәрбие процесіндегі экология бағытындағы жұмыстары, инфрақұрылымды көгалдандыру және экологиялық жобаларға қатысу белсенділігі жан-жақты бағаланды.
«Жасыл балабақша» номинациясы бойынша 7 мектепке дейінгі, «Жасыл мектеп» номинациясы бойынша 2 жалпы білім беру ұйымдарының материалдары ұсынылды.
Нәтижесінде:
«Жасыл балабақша»
🥇I орын және 500.000 тенге қаржылай сыйлық – Бейнеу ауданы, «Үстірт» бөбекжайына;
🥈II орын және 400.000 тенге қаржылай сыйлық – Ақтау қаласы, №56 «Жұлдыз» бөбекжайына;
🥉ІІI орын және 300.000 тенге қаржылай сыйлық – Жаңаөзен қаласы, №22 «Нұршуақ» бөбекжайына.
«Жасыл мектеп»
🥇I орын және 500.000 тенге қаржылай сыйлық – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейіне;
🥉III орын және 300.000 тенге қаржылай сыйлық – Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектебіне табысталды.
Байқау экологиялық білім мен тәрбиені дамытудағы білім беру ұйымдарының жетістіктерін бағалауға, өзара тәжірибе алмасуға және үздік білім беру мекемелерін анықтауға мүмкіндік берді.





