«Табиғатпен үндес білім беру ұйымы» облыстық байқауы
Ағымдағы жылдың 11-17 қараша күндері аралығында облыстың жалпы білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім мен тәрбие сапасын арттыру мақсатында Маңғыстау облысының білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Табиғатпен үндес білім ұйымы» байқауы ұйымдастырылуда.
Міндеттері:
1)Білім беру ұйымдарындағы экологиялық білім беруді жетілдіру: пәнаралық байланыстар арқылы экологиялық мәселелерді оқу процесіне енгізу, мектеп оқушыларын аудан, қала және облыс масштабындағы экологиялық тақырыптардағы жобаларға тарту;
2)Экологиялық тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру: оқу кабинеттерін, мектеп дәліздерін, мектеп алаңын көгалдандыру;
3)Экологиялық білім беруді насихаттаудың белсенділігін арттыру: аудандық/қалалық, облыстық мерзімді басылымдар мен телеарналар арқылы экологиялық ақпаратты тарату.
Байқауда жалпы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қамтылуда.
