Skip to content

“Табиғатты аяла” облыстық форумының қорытынды әдістемелік-кеңесі Маңғыстау облыстық балалар мен…

"Табиғатты аяла" облыстық форумының қорытынды әдістемелік-кеңесі

Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 сәуір күні «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форум жеңімпаздарының жетекшілеріне әдістемелік кеңес өткізілді.Мақсаты: Білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу, шығармашылық міндеттердің қойылымы үшін қатысушылар тәжірибесін біріктіру, оның іске асырылуы мен шешу кезінде туындайтын қиындықтарын өткеру үшін әдістерді қолдану. Әдістемелік кеңеске аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталық әдіскерлері де қатысты. Орталықтың экология-биология бөлімінің нұсқаушысы О.Тоқжанов облыстық форумға ұсынылған ерекше жұмыстарды, сонымен қатар кездескен кемшіліктерді де атап өтті. Республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздардың жетекшілеріне жобаларды дамыту турасында өзінің ұсыныстарын білдірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *