Skip to content

«Табиғатты аяла» республикалық форумының жеңімпаздары! Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне…

«Табиғатты аяла» республикалық форумының жеңімпаздары!

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне баулу, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты насихаттау және тәрбиелеу, білім беру ұйымдарында экологиялық қызметті жандандыру мақсатында білім алушылар арасында ағымдағы жылдың 8-9 маусым күндері «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылардың, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы (бұдан әрі – Форум) қашықтықтан өткізілді.
Форумға Маңғыстау облысынан жалпы білім беру ұйымдарының 9 білім алушысы қатысты. Оның ішінде 4 оқушы жүлдегер атанып, жеңіске жетті. Атап айтар болсақ: «Экотеатр» – номинациясы бойынша:
🥇І орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 9-10 сынып оқушылары Жаңғабылұлы Бекзат, Догдурбай Мирас және Көшербай Ернұр; Жетекшісі: Мырзабекова Бахтыгүл Мұстахиқызы. «Туған өлкемнің бояулары» номинациясы бойынша:
🥈ІI орын – Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қалдыбай Ақмадияр; Жетекшісі: Усенова Малика Рахманқызы.
Республикалық форумға белсенді қатысып, барлық жеңімпаз атанған жас экологтар мен табиғат жанашырларына шығармашылық табыс тілей отырып, жеңістерімен құттықтаймыз! Қанаттарыңыз талмасын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *