«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы
Балалар жылы аясында, ағымдағы жылдың 28 сәуір күні білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өткізілуде.
Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында «Zhasyl El» зерттеу жобалары, «Экотеатр» шағын спектакльдері, «GREEN OASES» ландшафттар номинациялары бойынша ұйымдастырылуда.
Форумның облыстық кезеңі «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының» базасында жүргізілуде.
Облыстық форумға аудандық/қалалық кезеңдерінің 70 жеңімпазы қатысуда. Қатысушылар бағдарлама барысында мектеп-интернаты базасына 30 түп көшеттерін отырғызып, жасыл желектерді көбейтуге үлестерін қосты.