«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы
🍀🍀🍀Облыстық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-16 сәуір күндері жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы «Туған өлке тарихы», «Жасыл экономика» номинациялары бойынша қашықтық форматта өткізілуде.
🍀🍀 Облыстық форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
🍀🍀 Форумға «Туған өлке тарихы», «Жасыл экономика» номинациялары бойынша аудандық, қалалық кезеңдерінің 20 жеңімпазы қатысуда.
🍀 Облыстық форумның қатысушыларына сәттіліктер тілейміз!