Skip to content

Табиғаттың көркіне тамсана біл Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер…

Табиғаттың көркіне тамсана біл
Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер туризмі – балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие берудегі таптырмас құрал.
Сайөтес ауылының «Сейсмо-8» туристік командасы «Сайөтес-Ақсеңгір-Қаракеуек» шатқалы (Ыбық)» бағытындағы туристік-өлкетану жорығына шықты. Команда жорық барысында Ақсеңгір тауларынан тау жыныстарының үлгісін алды және Қаракеуек шатқалындағы Ыбыққа барып шатырларын тікті. Қаракеуек шатқалының ернектерін алғаш көрген оқушылар табиғат көркіне еріксіз таңғала, тамсана қарады. Ойық-ойық әктастан тұратын шатқалдар бір қарағанда араның ұясын еске салады. Өйткені, табиғаттың қолмен жасап қойғандай керемет көріністері әрбір адамға ерекше әсер, ғажап сезім сыйлап тұрды. Туристік жорық барысында балалар геологиялық кесік, полентологиялық, минералогия және петрографиялық бағыттағы кіріспе жұмыстарды байқап көрді. Қаракеуек кемеріне туристік дағды бойынша- техника қауіпсіздігі негіздерін сақтап, құз-шатқалмен көтерілді. Оқушылар бақылау, барлау жұмыстарын жүргізіп ізденгенде сол жердегі геологиялық ескерткіштің орналасу картасын сызды. Суға гидрологиялық бақылаулар жасап, гидрометриялық өлшемдер жүргізді. Өсімдік пен жануарларды тану мүмкіндігіне ие болды. Туған жері туралы көптеген мәліметтер алып, күнделік жүргізді, сонымен қатар қарапайым тəжірибе жасап, коллекция жинақтап, ауа-райына болжам жасап, арқандар арқылы жоғары шығуды, шатыр құруды, алау жағуды үйреніп, табиғаттан асқан суретші жоқ екенін түсінді. Жорық соңында экологиялық мәдениетті сақтап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Сейсмо-8» командасына және оның жетекшісі Надирова Гүлсім Құрманбайқызына туризм-өлкетану бағытында биік белестерді бағындыруға және алдағы уақытта ұйымдастырылатын жорықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *