Skip to content

«Тарих бізді шақырады» атты жергілікті музейлеріне экскурсиясы Білім басқармасының «1…

«Тарих бізді шақырады» атты жергілікті музейлеріне экскурсиясы

Білім басқармасының «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының II тармағының 2 тармақшасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1-3 маусым аралығында бірқатар іс-шаралар атқарылып, жергілікті музейлерге экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияның мақсаты: жас ұрпақты өлкетану шежіресімен таныстыра отырып, туған жерге деген Отаншылдық сүйіспеншілігін қалыптастыру, өлкеміздегі музейлерімен байланыс жасау, көне жәдігерлерді келешек ұрпаққа насихаттау.
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының 4082 білім алушылары Шетпе мемориалдық музейіне, өңірдегі мектеп музейлеріне және «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне, Ә. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсияға апарылды.

#Балажылы2022
#Жаздыңбіркүні
#Туризмөлкетанубағыты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *