Тарихы терең Бөкей Ордасы
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Балалар жылы» аясында, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен дарынды оқушыларға қолдау көрсету, оларды өзге өңірлердің тарихи-мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен, тарихымен таныстыру мақсатында, 13-19 тамыз күндері Орал қаласына 3 күндік танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға 13-16 жас аралығындағы 50 бала қамтылды. Балалар Е. Пугачев, М.Маметова, Х.Бөкеева, Жәңгірхан, Қ.Мырзалиев атындағы музей үйлерін, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану және тарихи-этнографиялық музейлерін, облыстық мәдени және өнер орталықтарын аралап, 200 жылдан астам тарихы бар «Бөкей Ордасының» шежіресімен тереңірек танысып, көптеген тың мәліметтер игерді. Сонымен қатар, «Джуманджи» аттракциондар паркін, «Бәйтерек» демалыс орнын, «Стелла» саябағын аралап, шолу дөңгелегі арқылы қаланың көрікті жерлеріне саяхаттады. Орал тауларының оңтүстігінен бастау алатын «Жайық» өзеніне шомылып мәз-мейрам болды. Кешкі мезгілде жағалау бойын велосипедпен серуендеп, түнгі Оралдың әсем бейнесіне тәнті болып, естелік фотоларға түсті.
#Балажылы2022
#Туризмөлкетанубағыты
#экскурсия