Skip to content

«Тау тұлғалы -Табылды» атты аймақтық ашық конкурсы 2020 жылдың 14-18…

«Тау тұлғалы -Табылды» атты аймақтық ашық конкурсы

2020 жылдың 14-18 қазан күндері БҚО Сырым аудандық "Жас туристер" станциясының директоры Бейбіт Ахметұлының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылған қазақтың тұңғыш бард ақыны, көрнекті сазгері Табылды Досымовтың жеке шығармашылығымен танысу, ұмыт қалған әндерін жарыққа шығара отырып, келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Тау тұлғалы -Табылды» атты аймақтық ашық конкурсы қашықтықтан өткізілді. Конкурсқа Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Тәжімұқанов Дәурен қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жеңімпазды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен қажымас қайрат тілейміз, өнеріңіз өркендей берсін!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *