Skip to content

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауында білім алушылардың үш күндік…

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауында білім алушылардың үш күндік туристік шатырлы лагерінің 20-22 шілде күндері төртінші ауысымы өткізілді. Туристік лагерьге Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы аудандарының 90 оқушысы қамтылды.
Төртінші ауысымда демалушыларға Саура шатқалына экскурсия ұйымдастырылды.
Туристік шатырлы лагерінің жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысқан Түпқараған аудандық әкімдігіне, аудандық білім бөліміне, сонымен қатар ата-аналар мен демалушыларға(360 білім алушы) және тәрбиешілерге өз алғысымызды білдіреміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *