Skip to content

«Туристік – өлкетану және экологиялық қызметтің ресурстық мүмкіндіктері» тақырыбындағы Тамыз…

«Туристік – өлкетану және экологиялық қызметтің ресурстық мүмкіндіктері» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің секциялық отырысы

2021 жылдың 19 тамыз күні «Туристік – өлкетану және экологиялық қызметтің ресурстық мүмкіндіктері» тақырыбында туризм-өлкетану, экология және қоршаған орта экологиясы үйірмелері мен музей, жылыжай жетекшілері арасында облыстық Тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.
Секциялық отырысқа Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының туристік – өлкетану, экологиялық – биологиялық бағыттағы бөлімінің маманы Ә.Е.Нұрланова, білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ж.Тұржанова, адамның адамгершілік – рухани даму, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Қ.Газимова, аудандық/қалалық білім бөліміне қарасты оқу – әдістемелік орталықтарының мамандары, жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары, барлығы 65 адам қамтылды.
Бағдарламаға сәйкес секциялық отырыс Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының маманы Ә.Е.Нұрланованың құттықтауымен ашылып, Қарақия ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі А.С.Сүлейменованың «Экологиялық тәрбие беруде – сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру», Жаңаөзен қаласы, №10 жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі Б.М.Ражапованың «Өлкетану және туристік жұмыстарда экологиялық тәрбиенің маңызы» және Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі – Ф.О.Мырзатаеваның «Экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы оқытудың тиімді жолдары» тақырыптарындағы баяндамаларымен жалғасты.
⬇️⬇️⬇️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *