Туризм, өлкетану, экология үйірмелері жетекшілерінің «Tourhike» облыстық жаяу жорық байқауы
Орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 08 желтоқсан күні жалпы білім беру ұйымдарының туризм, өлкетану, экология үйірмелерінің жетекшілері арасында ішкі туризмді дамыту мәселелерін шешуге қатысты шараларға тарту, өлкенің тарихын, географиясын, мәдениетін оқып-тануға, зерттеуге ынталандыру мақсатында «Tourhike» облыстық жаяу жорық байқауы қашықтықтан өткізілді.
Облыстық байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 7 топтан 56 педагог қатысты.
Қатысушылар ережеге сәйкес, «Өлке кереметтері» номинациясы бойынша «Қапы аңғары», «Үйтолы», «Шақпақ ата», «Шерқала», «Қызылқала», «Сұлтан үпі», «Жығылған» шатқалына жаяу жорық ұйымдастырып, бейнероликпен ұсынса, «Ойлан тап» номинациясында экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы Маңғыстаудың тарихи-мәдени, ерекше қорғалатын аумақтарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал, «TourLike» номинациясы бойынша өлкеміздің туристік ағымын көбейтудің маңыздылығы туралы «SketchUp», «Blender» модельдеу бағдарламаларында жобалар ұсынды.
Қазылар алқасы облыстық жаяу жорық байқауына қатысушы педагогтарды төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
I орын – Жаңаөзен қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебінің «Маңғыстау маңғаздары» тобы;
II орын – Түпқараған ауданы, Шахта жалпы білім беретін мектебінің «Таушық кереметтері» тобы;
II орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің «Эверест» тобы;
III орын – Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің «Otpan Club» тобы;
III орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Шың» тобы;
Барлық жеңімпаздар орталықтың дипломдарымен марапатталды.
#Балажылы2022
#Туризмөлкетанубағыты





