Skip to content

Туризм және экологиялық бағыттардағы жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудегі педагогтердің кәсіби…

Туризм және экологиялық бағыттардағы жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудегі педагогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде орналасқан Н. Жұбаев жалпы білім беретін мектебінде білім беру ұйымдарының туризм-өлкетану, экологиялық бағытындағы 50-ге жуық үйірме жетекшілерінің қатысуымен «Мектептерде туризм және экологиялық білім беру» облыстық семинары өткізілді.
Семинарға Ақтау қаласы, №30 ЖББМ биология пәні мұғалімі Қожахметова Нұржамал Сериковна «Экологиялық білім: Жас ұрпақтың санасынаи әсері», Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы ЖББМ биология пәні мұғалімі Таңатарова Айсәуле Абделяқызы «Экология және біз», Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы ЖББМ химия-биология пәні мұғалімі Боранбаева Бейбіткүл Карасаевна «Өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісі», Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Құсымбаев Айболат Қабылұлы «Белсенді туризмнің тактикасы», Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Досекен Нұрберген Бегалыұлы «Туризм-өлкетану үйірмесіндегі ізденістер мен тәжірбие», Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Асқарұлы Нұрғиса «Белсенді туризмнің тактикасы» тақырыбында авторлық баяндамаларын оқыды
Семинар соңында іс-тәжірибесімен бөліскен спикерлерге алғыс хаттар және белсенді қатысқан қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *