Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған
білім беру ұйымдары музейлеріндегі «Отан қорғаушылар»
экспозициялық плакаттардың сырттай байқауы
Орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 15 мамыр күні жасөспірімдердің бойында тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында, білім беру ұйымдары музейлеріндегі «Отан қорғаушылар» облыстық экспозициялық плакаттар байқауы сырттай ұйымдастырылды.
Сайысқа әр аудан, қаладан «Маңғыстау Ұлы Отан соғысы жылдарында» және «Ұлы Жеңіске 75 жыл» номинациялары бойынша барлығы 21 жұмыс түсіп, қаралды. «Маңғыстау Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбындағы плакаттар Ұлы Отан соғысы кезіндегі Маңғыстаудағы тұрмыс, ел жағдайы, білім алу және фронтка көмек көрсету сәттері туралы мектеп музейі, архивтік материалдар мен ақын-жазушылардың шығармаларына сүйене отырып салынды. «Ұлы жеңіске 75 жыл» тақырыбындағы экспозициялық плакаттар Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған мектеп музейі бұрышындағы материалдар бір плакатқа кірістіріліп, жарнама-плакат үлгісінде жасалды.
Қазылар алқасы жұмыстарды зерделей келе, жеңімпаз атанған қатысушыларды төмендегідей номинациялар бойынша марапаттады.
👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻 жалғасы
