«Үздік жылыжай – 2021» облыстық байқауы
2021 жылдың 19 мамыр күні облыстық білім басқармасының «Жасыл мектебім – жасыл мекенім» жобасы аясында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен «Үздік жылыжай – 2021» байқауы қашықтықтан өткізілді. Байқау мақсаты: Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарынан ашылған жылыжайлардың жұмысын жақсарту. Облыстық байқауға 10 жұмыс ұсынылып, қатысушылар жылыжайлардың жұмыс жоспары мен білім алушылардың зерттеу, тәжірибелік сабақ жұмыстарын және ұйымның аумағын абаттандыру, ішкі безендірудегі жылыжайдың ролін толық көрсететін бейнематериалдар мен презентациялық жұмыстарын қорғады. Байқау барысында Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беру мектебінің мұғалімі С. Кемалова жылыжайда өсірілетін өсімдіктерден косметикалық кремдер мен емдік сусындар дайындаса, Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беру мектебі 4 жылыжаймен қамтамасыз етілгендігін көрсетті.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптай келе төмендегідей бағалады:
ІI орын – Кемалова Саясат, Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беру мектебінің жылыжай жетекшісі; ;
ІIІ орын – Сиық Айтбай, Бейнеу ауданы, Боранқұл жалпы білім беретін мектебінің жылыжай жетекшісі;
ІII орын – Мәметжан Несібелі, Қарақия ауданы, Қарақия кәсіптік колледжінің жылыжай жетекшісі;
IV орын – Наубетова Нұржамал, Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беру мектебінің жылыжай жетекшісі;
IV орын –Роганова Наталья, Ақтау қаласы, «Айшуақ» балабақшасының жылыжай жетекшісіне жүлделі орындар берілді.