Skip to content

VІI Республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсы Қазақ…

VІI Республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсы

Қазақ спорт және туризм академиясы мен Ш.Уәлиханов атындағы Туризм академиясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, а.ж. 22 сәуір күні VІI Республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік – өлкетану – экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсын қашықтықтан ұйымдастырылды.
Конкурсқа Қазақстанның әр өңірінен туризм, экология, өлкетану бағыттарында жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары ат салысып, Маңғыстау облысының атынан 20 білім алушы қатысты.
Конкурс «Туған өлке шежіресі», «Жас экскурсовод», «Туризм – бұл біз» номинациялары бойынша өткізіліп, 5 қатысушы төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
«Туған өлке шежіресі» номинациясы бойынша:
І орын – Касымбекова Анна, Ақтау қаласы, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Ерболатқызы Әсел, Маңғыстау ауданы, С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы.
«Туризм – бұл біз» номинациясы бойынша:
І орын – Ғаділбекқызы Арайлым, Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 11 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Өтеген Ахад, Түпқараған ауданы, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.
«Жас экскурсовод» номинациясы бойынша:
І орын – Джунельбаева Зоя, Ақтау қаласы, Маңғыстау туризм колледжінің студенті.
Сонымен қатар, жеңімпаздарымыз Қазақ спорт және туризм академиясына оқуға түсуге арналған 3 жыл ішінде жарамды 75% (І орын), 50% (ІІ орын), 25% (ІІІ орын) жеңілдіктеріне ие болды.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *