VIII Республикалық « Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсы
Қазақ спорт және туризм академиясы мен Ш. Уалиханов атындағы Туризм академиясы ҚР Оқу – ағарту министрлігімен бірлесіп, а.ж. 21 сәуір күні VIII Республикалық «Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік – өлкетану – экологиялық зерттеу жұмыстарының конкурсын қашықтықтан ұйымдастырды.
Конкурс Қазақстанның әр өңірінен туризм, экология, өлкетану бағыттарында жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Туған өлке шежіресі», «Жас экскурсовод», «Туризм – бұл біз» номинациялары бойынша өткізілді. Аталмыш конкурсқа Маңғыстау облысынан 22 білім алушы қатысып, 7 қатысушы төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
«Туған өлке шежіресі» номинациясы бойынша:
🥉III орын – Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Зидулла Нұрсұлу;
« Туризм – бұл біз» номинациясы бойынша:
🥈II орын – Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Мақсұт Салтанат;
🥉III орын – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Рахметова Сабина және Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Мирасқызы Дильназ, Тыныштық Ғазизмәлік;
«Жас экскурсовод» номинациясы бойынша:
🥈II орын – Бейнеу ауданы, Атамекен жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Ходжагалиева Альбина;
🥉III орын – Мұнайлы ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Жомартқызы Жаннұр.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!