Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ы. Алтынсарин шығармалары-тәрбиенің алтын діңгегі»
атты бейнероликтер байқауы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облысы әкімдігінің Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 2 маусым күні «Ы. Алтынсарин шығармалары-тәрбиенің алтын діңгегі» атты бейнероликтер байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқауды өткізудегі мақсат – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын, мұрасын бүгінгі ұрпаққа насихаттау.
Байқауға жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып аралығындағы 57 білім алушылары қатысты.
Ережеге сәйкес, байқау Ыбырай Алтынсарин туралы толық мағлұматпен виртуалды таныстыру және жазушының шығармаларынан үзінді ала отырып мультипликациялық бейнеролик көрсету номинациялары бойынша өткізілді.
Шара соңында жеңімпаздар аудандық, қалалық білім бөлімдерінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған осы іспеттес шараларды ұйымдастыру оқушыларды қазақтың аса көрнекті ағартушысының өмірімен, алған білімімен жеткен жетістіктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
#Qazaqstan30
#Қазақстан30