Жалпыреспубликалық Экология апталығының қорытындысы
Адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын және экологиялық проблемаларды түсіну негізінде және жеке қасиеттер ретінде моральдық-экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында 26-30 сәуір күндері орта білім беру ұйымдарына арналған Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы болып белгіленді. Апталықтың тұжырымдамасына сәйкес, Маңғыстау облысының жалпы білім беру ұйымдарында 26 сәуір күні Экология апталығының ашылуы қашықтықтан салтанатты түрде өткізіліп, «Табиғат туралы не білеміз?» тақырыбында кітаптар көрмесі, «Жер – біздің ортақ үйіміз» бейнеролигі көрсетілді. Салтанатты жиынға білім алушылар мен сынып жетекшілер, сонымен қатар ата-аналар да қамтылды. Жиынға қатысушыларға апталықтың негізгі мақсаты – экологиялық білім беру мен тәрбие жөнінде мағлұматтар берілді. Апталықтың екінші күні білім алушылар арасында сыныптарына байланысты әр түрлі тақырыпта суреттер, фотосуреттер конкурсы, қолөнер байқаулары мен «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» тақырыбында экологиялық викториналар жүргізіліп, жоғары сынып оқушылары рефераттар дайындады. Жеңімпаздардың үздік жұмыстары білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілерінде жарияланды. Сондай-ақ, апталықтың үшінші және төртінші күндері қалдықтардан жасалған қол бұйымдардың «Жандану», «Менің қаламның болашағы» тақырыптарындағы жобалар байқауы өткізілді. Оқушылар «Жандану» байқауы барысында қалдықтардан жасалған декоративті, сәндік-қолданбалы құтылар мен экологиялық әдемі сөмкелерді, бұйымдарды ұсынды. Қатысушылар өз қаласының болашағы туралы қорғаған жұмыстардың ішінде туған ауылының экономикасын көтеру, халқының болашағын және денсаулығын арттыру мақсатында экологиялық таза өнімді тұтыну үшін «Жылыжай» кешенін қолға алу, «Қошқар ата улы көлінің», «Шебір ауылының экологиялық жағдайы» сынды мәселелерді қозғады. Білім алушылар мектеп пен үй аулаларын абаттандыру, тазалау мақсатында ата-аналарымен бірге көгалдандыру, тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, апталықты қорытындылады. Ақпарат ⬇️⬇️⬇️