Жас экологтардың «Туған өлкемнің экологиясы» облыстық бейнероликтер қашықтық байқауы
Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және оқушыларды туған өлке байлығын, табиғат көріністерін қадірлеуге, қорғауға үйрету мақсатында 23 қыркүйек күні Жас экологтардың «Туған өлкемнің экологиясы» атты облыстық бейнероликтер байқауы қашықтықтан өткізілді.
Ережеге сәйкес қатысушылар «Экологиялық қысқа метражды фильм», «Экологиялық қысқа бейнероликтік жарнама» бейнероликтері номинациялары бойынша, 14 оқушының жұмыстары қаралды.
Байқау қатысушылары аудан, қаласының ботаникалық, экологиялық, биологиялық, өлкеде мекен ететін аң-құстар мен өсімдіктерін, қазіргі таңда белең алған өзекті мәселелері туралы және экотуризм, ішкі туризм салаларын дамытуға бағытталған 5-7 минуттық қысқа метражды фильм мен жарнама арқылы шешілу жолдарын көрсетіп, ұсыныстарын білдірді.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
1. «Экологиялық қысқа метражды фильм» номинациясы бойынша:
ІІІ орын – Сәрсенов Исламбек, Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Бегендік Дария, Түпқараған ауданы, Шахта жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы;
2. «Экологиялық қысқа бейнероликтік жарнама» номинациясы бойынша:
І орын – Абдигалиева Альбина, Ақтау қаласы, №12 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІ орын – Тажаддин Аққу, Жаңаөзен қаласы №20 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Ниятуллаев Азамат, Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;
ІV орын – Танымбай Гүлім, Қарақия ауданы, К. Қашаған жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІV орын – Сырым Фатима, Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы.