Жас экологтардың «Туған өлкемнің экологиясы» облыстық қашықтық бейнеролик байқауының баспасөз-релизі және ережесі
Өтетін уақыты: 2021 жылы, 23 қыркүйек. Сағат 10.00-де.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.
Мақсаты: Оқушыларды туған өлке байлығын, табиғат көріністерін қадірлеуге, қорғауға үйрету. Экологиялық мәдениетке қол жеткізу, рухани-зерделілік жағынан дамыта тәрбиелеу. Ізденудегі жеке қызығушылықтарын жүзеге асыру.
Қатысушылар: Байқауға облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарының 14-16 жас аралығындағы аудандық, қалалық кезенінің жеңімпаздары қатысады.
СПИКЕРЛЕР (қызметі, байланыс телефондары):
Нугиманова Жанар Майрамбекқызы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы, 8(747) 174 66 98.
ІС-ШАРА НӘТИЖЕСІ:
Байқауға қатысушы оқушыларда туған өлкенің табиғатын және экологиялық мәселелерін, экологиялық актуальды тақырыптарды түсінудегі жеке тұлғалық ойын қалыптастыру.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, экология – биологиялық бөлімі, байланыс телефоны 8(7292)60-54-00, ocdt-2017@mail.ru.