Жойылып кету қаупі бар жануар түрі – қарақұйрыққа
арналған ІІІ Маңғыстау облыстық
«Эколидер» байқауы
🌾🌾🌾Жастардың адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасын бейнелейтін азаматтық бағдар қалыптастыру және табиғат байлығын қазіргі және болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Облыстық білім басқармасы мен Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «ZOOM» платформасы арқылы ІІІ Маңғыстау облыстық «Эколидер» байқауы өткізілді. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты. Барлық қатысқан оқушы саны – 162, ұсынылған жобалар саны – 151.
🌾🌾🌾Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған оқушылардың жұмыстары төмендегідей І орындармен марапатталды:
🌾🌾🌾1. «Жасыл экономика» ғылыми жобалар номинациясы:
І орын – Ришат Дильшат, Ақтау қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы;
🌾🌾🌾2. «Бейнероликтер» номинациясы:
І орын – Өзбекбаева Балғаным, Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы;
🌾🌾🌾3. «Карикатуралық суреттер» номинациясы:
І орын – Сүйебай Амина, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
🌾🌾🌾4.«Туған өлке табиғаты туралы ой» номинациясы:
І орын – Аязбай Нұртас, Қарақия ауданы, Жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
🌾🌾🌾5. «Қалдықтарға екінші өмір» номинациясы:
І орын – Қадырбаев Амандық, Жаңаөзен қаласы, №9 жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы;
🌾🌾🌾6.«Мен таза табиғатты қолдаймын» фотосуреттер номинациясы:
І орын – Жақсылық Данияр, Шамиль Айсауле – Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары.